Алматыда электр желісінде болған апаттан қаладағы троллейбустардың басым көпшілігі қозғалыссыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматыэлектротранс» ЖШС хабарлағандай, С.Сейфуллин көшесінде Райымбек даңғылынан Үлкен Алматы каналына дейін электр кернеуі ажырап қалған.
Осыған байланысты 6 қарашада оңтүстік бағыттағы қозғалыс тоқтап қалды. Т.Рысқұлов көшесінен төмен қарай бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.
– Троллейбустар қысқыштан шығып кеткендіктен, желі кернеусіз қалған. Қазір қалпына келтіріп жатырмыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – дейді мекеме өкілдері.