422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет сағатында су қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

  • 98
Үкімет сағатында су қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Қазақстан – Қытаймен шекара маңындағы су ресурстарын бөлісу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан алғашқы әрі жалғыз мемлекет.

Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның сөзінше, Қытай шекаралас мемлекеттердің ешқайсымен суды бөліп пайдалану жөнінде келіссөз жүргізбейді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы су қатынастары Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісіммен реттеледі. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазір Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөнінде арнайы келісімнің болмауы қиындық тудырып отыр. Осыған байланысты еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі үкіметаралық келісімге шекара маңындағы өзендердің экожүйесін сақтау мәселесін енгізуді талап етіп отыр. Қазір келіссөз жүріп жатыр деді министр. 

Хабар 24 телеарнасы