423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жұмысшылар мердігерге алданып қалды

  • 115
  • UPD: 18:46, 06.11.2020

Оқиға Атбасар ауданының Сергеевка ауылында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаздыгүні елді мекендегі мектептің шатырын жөндеген жергілікті 7 адам әлі күнге дейін өздеріне тиесілі еңбекақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, әрқайсысына 180 мың теңгеден беріледі деп келісілген. Ал олардың келісімшартқа отырайық деген ұсынысына жұмыс беруші құжаттың үлгісін кейінірек электрондық поштамен жіберемін деп сендірген. Алайда мердігер сол кеткеннен мол кетті. Бірақ жақсылықтан үміт үзбеген құрылысшылар білім ошағының шатырын жаңарту жұмыстарын 1 айға жетпей бітірген. Ал жобалық құны 7-8 млн теңге болатын тендерді жеңіп алған компания басшылығы сендер 2 апта ғана жұмыс істедіңдер, сондықтан келісілген сомаға лайықты емессіңдер дейтін көрінеді. Ауылдықтар аталған мәселемен талай жердің табалдырығын тоздырған. Тіпті сотқа да шағымданыпты. Бірақ нәтиже жоқ.

Хабар 24 телеарнасы