425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы Шелек ауылында бір көшенің тұрғындары 8 жыл жарықсыз отырған

  • 162
Алматы облысындағы Шелек ауылында бір көшенің тұрғындары 8 жыл жарықсыз отырған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында бір көшенің тұрғындары 8 жыл жарықсыз отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар сабақ оқи алмай қиналыпты. Тұрғындардың шағымынан кейін жергілікті билік уақытша бағандар орнатып, шағын трансформатор қойып берген. Шағын ауданда 50 шақты түтін бар. Сапалы ауыз су әлі жетпеген. Жолдың жайы да мәз емес. Инфрақұрылымнан жұрдай ауданда кәсіпкерлікті дамыту мүмкін емес. Сырттан көшіп келген қандастарымыз бау-бақша сала алмай отыр. Азын-аулақ мал ұстауға да жағдай жоқ.

Ерлан Сейітақынұлы, ауыл тұрғыны:

– Біз талай рет арыз да түсіріп көрдік. Бірақ әлі ешкім жұмыс жасмайды. Бақша салу керек еді. Су жоқ. Дайын болмай жатыр. Үкімет бізге көмектессе, жол салып берсе екен. Бізге осы құбыр суын тартып берсе дейміз.

Сәкен Әбдіқалиев, Шелек ауылдық округінің әкімі:

– Ол мәселе бойынша құжат жасалып болды. Келесі жылы көшелерге асфальт салынады. Бірінші, инфрақұрылымын жасаймыз. Асфальт салынады. Судың мәселесі бойынша жобалық құжат жасауға өтінім бердік.

Хабар 24 телеарнасы