425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда суару арналары цифрландырылмақ

  • 102
  • UPD: 14:13, 06.11.2020
Қазақстанда суару арналары цифрландырылмақ Караганды Су

Бес жыл ішінде Қазақстанда су ресурстарын үнемдеу мақсатында негізгі суару арналарын цифрландыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта айтты, деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметі.

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келді. Мәселен, биылғы жылы К-19 магистралды каналын цифрландыру бойынша алғашқы пилоттық жоба іске асырылды, онда Түркістан облысының Мақтарал ауданында ұзындығы 12,0 км болатын суармалы жерлердің ауданы 3,6 мың гектардан асатын суды есепке алу және бақылау жүйесі орнатылған, онда 328 шаруа қожалығы орналасқан. Бұл жабдықты іске қосу суару режимінің 45%-іне дейін суармалы судың артық шығынын анықтауға мүмкіндік берді», – деді М.Мырзағалиев Үкімет сағатында.

«Су ресурстарын үнемдеу және сенімді есеп жүргізу үшін алдағы 5 жыл ішінде ел бойынша негізгі арналарды кезең-кезеңімен цифрландыруды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Хабар 24 телеарнасы