420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда карантинге бағынбаған діни бірлестікке шара қолданылды

  • 118
  • UPD: 15:21, 06.11.2020
Атырауда карантинге бағынбаған діни бірлестікке шара қолданылды

Атырауда санитарлық дәрігерлердің қаулысына мойынсұнбаған діни бірлестікке қатысты шара қолданылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантин талаптарының жеңілдетілгенін желеу еткендер әлі де жиын-тойдан арылар емес. Облыс орталығында орналасқан «Атырау» ықшам ауданындағы екі қабатты үйде жергілікті діни бірлестік 40-қа жуық адамды жинап, діни шара өткізген.  

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– «Святость» діни бірлестігіне қатысты анықталған заң бұзушылық бойынша жиналған материалдар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Хабар 24 телеарнасы