420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қай мекемелерде ақылы ПТР тестіден өтуге болады?

  • 170
  • UPD: 16:50, 06.11.2020
Елордада қай мекемелерде ақылы ПТР тестіден өтуге болады?

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы жеке медицина ұйымдарының тізімін ұсынады.

Мұнда елорда тұрғындары коронавирус инфекциясына ПТР әдісімен тестілеуден өте алады.

Ұлттық сараптама орталығында, «Мейірім» ЖШС, «BIO Lab» ЖШС-де ПТР тестінің бағасы 8000 теңгеден басталады. Тәулігіне сынамалар өткізу қуаттылығы 800-1000-ды құрайды.

Ұлттық ғылыми медициналық орталық, «Invivo» ЖШС, «Олимп» КДЛ (Нұр-Сұлтандағы филиалы «Мырза-хан» ЖШС), №2 көпсалалы қалалық аурухана, №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, Президент іс басқармасының зертханасында КВИ-ге тестілеу 9-11 мың теңге аралығында жүргізіледі.

12-15 мың теңге аралығында сіз «Геном Плюс» ЖШС-де, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында және KF UMC Республикалық диагностика орталығында тестілеуден өте аласыз.

Ақылы негізде COVID-19 коронавирус инфекциясын анықтауға арналған ПТР сынағынан қажетті қаражаты бар барлық Қазақстан азаматтары өте алады. Қалалық емханаларда МӘМС жүйесінің бөлігі ретінде КВИ пациенттерімен байланыста болған жүкті әйелдерге ПТР тестілеу ақысыз жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ бойынша биоматериал жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам тестті құрайды. Қазіргі уақытта 550 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Қосымша әлі 112 мыңға жуық сынама бар.

Хабар 24 телеарнасы