423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда бір күнде 49 адамнан коронавирус анықталды

  • 104
Оралда бір күнде 49 адамнан коронавирус анықталды

БҚО-да бір күнде 49 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе ауыр жағдайдағы науқастар саны артып отыр. Қазіргі таңда 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қатерлі індетке шалдыққандардың барлығы – зейнет жасындағы адамдар. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты өңірде бірқатар шектеу шарасы енгізілген.

Нұрлыбек Мұстаев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Демалыс күндері облысымызда сауда үйлері мен базарлар жабық. Орал қаласының бас санитарлық қаулысымен 65 жастан асқан азаматтарға себепсіз сыртқа шығуға тыйым салынған болатын. Енді 7 қарашадан бастап сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жеке көлікпен жүру тоқтатылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы