422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Профессор: Қайта жұқтырудың болмайтынына 100% кепілдік жоқ

  • 87
  • UPD: 18:31, 06.11.2020
Профессор: Қайта жұқтырудың болмайтынына 100% кепілдік жоқ

Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сұхбат берді.

Эксклюзивті сұхбатта спикер COVID-19-бен ауырып, жазылғандардың қауіпсіздік және алдын алу шараларын сақтау қажеттілігіне қатысты сұрақтарға жауап қайтарды. Сонымен бірге тұрғындармен жалпы ұсыныстармен бөлісті.

«Коронавируспен ауырып, жазылғандар бәрібір қауіпсіздік шараларын сақтаулары керек. Себебі коронавирустан басқа да инфекциялар бар. Әсіресе қазір тұмау маусымы басталып жатыр және аурудың алдын алып, ескерту маңызды. Тіпті егер сіз ауырып, жазылған болсаңыз да, коронавирус мұрын қуысында болуы мүмкін. Вирус қол арқылы жұғуы мүмкін. Міне, сол себепті де маскалардың қалай болғанда да тиімділігі бар. Әлеуметтік қашықтықтың да маңызы зор. Коронавирусты қайтадан жұқтырудың 5 оқиғасы белгілі. Осындай фактілер бар. Сол себепті қайтадан жұқтырудың болмайтынына 100% кепілдік жоқ», — деп атап өтті А.Шарман.

Зерттеулерге сәйкес ауырып, жазылып шыққандарда антиденелер пайда болып, дамиды. Соған қарамастан, оның қанша уақыт сақталатыны белгісіз.

«Ауру жұқтырғандардың бәрінде иммунитет дамиды. Бірақ сонымен бірге басылу феномені де бар. Антиденелердің бастапқыда циклі жоғары болады, бірақ неліктен екені белгісіз. Кейіннен төмендеп кетеді. Алайда тағы бір үшінші жағдай бар: вирустың мутацияға ұшырайтыны. Сонымен бірге оның дереу күшейіп, болмаса әлсірейтіні туралы дәлелдер бар», — деп атап өтті профессор.

Қала тұрғындарының алдын алу шараларын күшейту қажеттігі туралы айтқан қазақстандық профессор масканы қолдану кезінде оны дұрыс киіп, тағып жүру маңыздылығын атап өтті. Одан бөлек әлеуметтік қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын орындарға барудан шектелу сияқты басқа да алдын алу шараларын сақтау маңызды.

«Маска тағу өте маңызды. Бірақ масканы дұрыс таққан жөн. Мен адамдардың масканы иегіне тағып жүретінін жиі көремін. Вирустардың көбі мұрын қуысында болатынын естеріңізге сала кетейін. Жай ғана ауызды жабу арқылы олар не өздерін, не басқаларын қорғамайды. Сол себепті масканы дұрыс тағу өте маңызды. Екіншіден, маска тағу арқылы сіз тек өзіңізді ғана қорғап қоймай, басқаларын да ойлайсыз. Мен басқа адамдар туралы ойлаймын. Үшіншіден, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүруге тырысу қажет. Еуропа мен АҚШ-та неге екінші толқын басталып кетті? Күннің салқындауына байланысты адамдар ғимарат ішінде жиі отыратын болды. Нәтижесінде адамдардың топтасуы орын алды. Ал ғимараттардың желдетілуі қиын. Егер ғимаратта вирус жұқтырған адам болса, вирусы бар аэрозоль ауаға таралып, басқаларға жұғады. Сол себепті адамдар көп жиналатын орындардан, әсіресе жабық ғимараттарға барудан аулақ жүріп, бөлмені желдетіп, қашықтық сақтау керек. Осы ережелерді сақтау арқылы өзіңізді аурудан қорғай аласыз», — деп қорытындылады А.Шарман.

Хабар 24 телеарнасы