422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл қаласы карантинге жабылады

  • 103
Петропавл қаласы карантинге жабылады

Еліміздің солтүстігінде де эпидемиологиялдық ахуал күрделеніп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда Петропавлдағы инфекциялық стационарларда 276 науқас ем қабылдауда. Оның 16-ы жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандардың айтуынша, індетпен ауруханаға түскендер саны 3%-ке артқан. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин талаптары күшейтіліп, облыс орталығы мен Қызылжар ауданы 9 қарашада карантинге жабылады. Азаматтардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуы үшін кәсіпорындардың тізімі жасалып жатыр.

Азық-түлік пен медициналық препараттарды тасымалдайтындарға жасыл дәліз ұйымдастырылады. Олар ПТР-тест анықтамасынсыз блокбекеттерден өте алады. Ірі сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарады. Демалыс күндері қоғамдық көлік тоқтап, бірқатар нысандар жабылады.

Арман Күшбасов, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– Қазір халық бірінші кезекте қарапайым ережелерді сақтауы керек. Өйтпеген жағдайда карантин талаптары одан бетер қатаңдатылуы мүмкін. Сондықтан барлық тұрғынды жаңа қаулыға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Тәртіпке бағынсақ, алдағы уақытта эпедемиологиялық жағдай тұрақталады деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы