425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда эпидемиологиялық ахуал ушығып барады

  • 111
  • UPD: 19:29, 06.11.2020
Павлодарда эпидемиологиялық ахуал ушығып барады

Павлодар облысында коронавирус инфекциясының 68 жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан карантиндік шаралар туралы қаулыға өзгерістер енгізілді.

Соған сәйкес қала маңындағы жолаушылар тасымалынан басқа қалааралық және ауданаралық автобустар тоқтатылады. Театр, музей, кітапханалардың, діни нысандардың қызметіне уақытша тыйым салынады. Карантин кезінде барлық жиналыстар мен отырыстар онлайн режимге ауыстырылады.

Облыс орталығында сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктер қатынамайды. Ірі сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын өнеркәсіптік сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарады. Карантиндік шектеулер алдағы дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Жағдай ушықса, блокбекеттер орнатылуы мүмкін.

Батырбек Әлиев, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Қаулыға енгізілген өзгерістер облыстың эпидемиологиялық жағдайы тұрақталғанға дейін жалғасатын болады. Барлық карантиндік шектеулер қарашаның 9-ынан бастап күшіне енеді. Жағдай қалыпқа келген кезде облыстық штабтың шешімімен кезең-кезеңімен алынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы