423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында санитарлық бекет қойылды

  • 325
Алматы облысында санитарлық бекет қойылды

Бүгіннен бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың ШҚО-мен шектесетін жеріне санитарлық бекет қойылды. Қоғамдық тамақтану орындарының жалпы сыйымдылығы 50 орыннан аспауы тиіс. Түнгі және компьютерлік клубтар, жабық кешендегі аттракциондар, бильярд, боулинг орталықтары секілді көңіл көтеру орындары жабылады.

Мәдени-спорттық, жанұялық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық көліктер таңғы 06:00 мен 10:00 және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында жүреді. Аймақ тұрғындарының көпшілік орындарда бетперде тағып, үш адамнан артық топталып тұрмауы сұралады. 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады. 

Хабар 24 телеарнасы