425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында науқастар саны артып барады

  • 175
Атырау облысында науқастар саны артып барады

Атырау облысында да коронавирус жұқтырғандар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәулікте 12 адамның ауруға шалдыққаны анықталды. «Дегенмен мұнайлы өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты», – дейді мамандар. Қауіпті індетке шалдыққан 12 адамның бесеуі – Атырау қаласының тұрғыны. Біреуі індет өршіген тұста ауру ошағы саналған Теңіз кенішінен анықталыпты. Ал қалғаны Құрманғазы мен Қызылқоға аудандарында тіркелген. Облыста апталық көрсеткіш бойынша індет жұқтырғандардың көбейе түскені байқалады. Өткен аптада 38 жағдай тіркелсе, осы аптада 56-ға жетті. Жазда қауіпті індетке шалдыққандардың дені Теңіз кен орнынан анықталған еді. Қазір ондағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бірақ күніне 2-3 адамнан ауру белгісі шығып жатыр.

Гүлнәр Ербатырова, облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары:

– Жалпы аурушаңдықтың тіркелуі Теңіз кен орыны бойынша басқа облыстан, басқа елдерден жұмысқа келушілер арасында тіркеліп отыр. Теңіз кен орнында аурушаңдықты болдырмау мақсатында коронавирустық жұқпаға ПЦР тексеріледі. Оқшауланып, тексеру жүргізіліп, содан кейін теріс мәнді болғанда ғана жұмыскер Теңіз кен орнына жұмысқа жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы