424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантин 23 қарашаға дейін ұзартылды

  • 151
Шымкентте карантин 23 қарашаға дейін ұзартылды

Шаһардың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша жабық базарлар демалыс және мереке күндері жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда және ойын-сауық орталықтары да сенбі және жексенбі күндері істемейді. Денсаулық сақтау ұйымдары мен жедел жәрдем көліктерінде және медициналық қызметкерлер үйге келіп, көмек көрсеткен кезде суретке түсіріп, аудиожазба мен бейнетүсірілім жасауға тыйым салынды. Екінші тоқсаннан бастап 300 орынға дейінгі мектептер әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді. Бірақ тек 1-сыныптан 5-сыныпқа дейінгі балалар оқиды. Оқушы саны 15-тен аспауы тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы