425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында теміржол қатынасы қысқартылады

  • 123
  • UPD: 21:54, 06.11.2020
Қостанай облысында теміржол қатынасы қысқартылады

Ал Қостанай облысында Алматы және Қарағанды қалаларымен теміржол қатынасы қысқартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірде карантин тәртібін күшейту туралы шешім шығарды.

Комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қостанайға барды. Ол жергілікті мемлекеттік органдардың Денсаулық сақтау министрлігі жүктеген міндеттемелерді жеткілікті деңгейде орындамай жатқаны туралы айтты. Мәселен, қараша айынан бастап Қостанайда COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Облыс орталығы мен Жітіқара және Қарабалық аудандарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру қажет. Күні кеше өңірде екі апталық қатаң карантин тәртібі енгізілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы