loader


Оралда 200 орындық жаңа аурухана салынып жатыр

Қазір облыстағы карантиндік стационарларда 41 және жұқпалы аурурлар  ауруханасында 138 науқас емделіп жатыр.

Қазан айының басынан бері ауруға шалдыққандардың 45%-і – зейнеткерлер. Аймақта түнгі мезгілдегі көлік қозғалысына шектеу қойылды. Тәуліктің бұл кезеңінде тек арнаулы қызмет көліктері ғана жүре алады. Тәулік бойы жұмыс істейтін ұйымдар өз қызметкерлері мен көліктерін  stop.covid сайтына тіркеуі тиіс. Ал шұғыл бір жерге бару қажет болған тұрғындар 109 жедел орталығына алдын ала хабарлама қалдыра алады. Аймақта жаңа толқынға дайындық жұмыстары да ширай түсті. Екі аптадан кейін облыс орталығында жаңа модульді аурухана пайдалануға берілмек.  

Нұркен Молдашев, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда мұнда ішкі әрлеу жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жұмыстың пайыздық көрсеткіші 88%-ні құрап отыр. Мұнда 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата қарастырылған. Диагностикалық орталықтан және операциялық блогы бар реанимациялық бөлімшесінен және галерея түрінде өзара байланысқан палаталы бес блоктан тұрады.

Қазір нысандағы барлық бөлімге инженерлік желілер тартылды. Көлемі 6,5 мың шаршы метр болатын жаңа емдеу нысанында бір мезгілде 180 науқасқа қызмет көретіледі.   

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Сондай-ақ...