420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 163 науқастың жағдайы ауыр

  • 126
  • UPD: 09:47, 07.11.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 163 науқастың жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 6 023 емделіп жүр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram парақшасы.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6023 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 389 бала бар. Стационарларда 2714 науқас жатыр. 3309 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жүр.

Жалпы науқастардың арасында 163 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Хабар 24 телеарнасы