423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жатақханадағы бір бөлмеге 700 адам тіркелген

  • 146
  • UPD: 12:37, 07.11.2020
Елордада жатақханадағы бір бөлмеге 700 адам тіркелген

Елордадағы 18 шаршы метр жатақхананың бір бөлмесінде шамамен 700-ге жуық адам тұрақты мекен-жайға тіркелген, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті.

Үй иесі бұл бөлмеде тұрмайтын адамдарды үнемі тіркеп отырған. Тіркелген адамдардың жатақханада тұратынын анықтау үшін полицейлер аталған бөлмені талай рет тексерген. Алайда тұрғындарды анықтау мүмкін болғанмаған.

Көршілердің айтуынша, бөлме бос, онда ешкім тұрмайды. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары бөлме иесін іздестіріп жатыр, оған қатысты әкімшілік жаза қолданылады.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеу пәтер, меншік иелеріне азаматтарды көптеп тіркеуге мүмкіндік береді. Елордалық полиция департаменті көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы мен нақты тұратын орында уақытылы тіркелуін сұрайды.

Мекен-жай мәліметтерінің қате болғанда оларды дұрыстау үшін ХҚКО-дағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Сондай-ақ полиция департаменті үй иелерінен мекен-жайда тұрмайтын тұлғаларды тіркеуден уақытылы шығаруды сұрайды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған шаралар қолданылады. Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын ерекше мұқият болып, жарнама және жалған мекен-жайларда тіркелмеуін сұрайды, себебі тұрғылықты емес мекен-жайда тіркелу немесе тұрғылықты мекен-жайда тіркеудің болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жауапкершілікке тартуды қарастырады.

Хабар 24 телеарнасы