422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фронт-кеңселердің қызметі жемқорлықты болдырмауға бағытталуы тиіс

  • 103
  • UPD: 16:35, 07.11.2020

Фронт-кеңселердің қызметі мемлекет пен халық арасындағы кедергілерді жойып, жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Қостанай облысында іссапармен болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді.

Шпекбаев Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларындағы «Көмек алаңы» кеңселерінің жұмысымен танысты. Автожолдардың құрылыс барысын бақылады. Коронавиурстың екінші толқыны кезеңінде халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударды. 

Рудныйдағы «Көмек алаңы» фронт кеңсесіне тәулігіне 50-ге жуық тұрғын жүгінеді. «Бір терезе» қағидатымен жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары бойынша кеңестер беріледі. Мемлекеттік қызметтердің 80 проценті электронды форматқа көшірілген. 

Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

– Егер тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалмаса, сол жерде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық белең алады. Азаматтардың заңды көмек алуы үшін мемлекеттік қызметшіге сыйлық беруін болдырмауымыз қажет. Шенеуніктер мәселені шешу жолдарын тарылтып, кеңселерде отырған қызметкерлердің маңызын жасанды түрде асыра көтермеуі тиіс. 

Биыл фронт-кеңселердің белсенді ықпалымен мемлекеттік сатып алуда шамамен 14 млрд теңге үнемделді. Салынған жолдардың сапасыздығын анықтау бойынша да осындай сома бюджет қазынасына қайтарылған. Осы ретте Агенттік төрағасы «Қостанай-Қарабұтақ» автожолының құрылысымен танысты. Облыс орталығында өткен кездесуде Алик Шпекбаев аймақтағы жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Әрбір мемлекеттік қызметші адалдық, ашықтық пен әділдікті ұстану керектігін тағы да еске салды.

Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

 – Жартылай сыбайлас жемқорлықтың саны төмендеген деп айтуға болады. Ол бәрі осы сауаттандыру жүргізу жұмысында сыбайлас жемқорлықтың мәдениетін қалыптастыру, алдын алу мәселелері және біраталай белсенді азаматтардың жұмыстары көрініп тұр.  

Коронавирусты емдеуде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмейді. Дәрі-дәрмектер алаяқтардың табыс көзіне айналмай, тұтынушыға жетуі маңызды, деді Алик Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» қоймасын аралау кезінде. Биыл дәріханалар мен фармацевтикалық фирмалар 538 млн теңгеге дәрі-дәрмекпен қамтылған. 

Авторлар: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы