423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Волонтерлер алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніп жатыр

  • 110
  • UPD: 16:34, 07.11.2020

Волонтерлер алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын үйреніп жатыр. Түрлі құтқару операцияларының басы-қасында жүретін жандар қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде қол ұшын беруге әзір. Олар арнайы дәріс алып, тәжірибе жинақтауда.

Бозбалалық шаққа енді қадам басқан Жасұлан Қайдасов бос уақытын мұқтаж жандарға арнайды. Ақтөбе волонтерлер лигасының белді мүшесін әлеуметтік әлсіз топ қатарындағы кезекті отбасынан таптық. Әріптестерімен бірге балаларға қажет бұйымдарды жеткізеді. Енді жас ерікті алғашқы медициналық көмек көрсету дәрістеріне барып жүр. Бұл тренингті Жасұлан кез келген адамға қажет деп есептейді. Себебі төтенше жағдайға тап болмаса да осыдан бір ай бұрын есінен танған жанға көмектесуіне тура келген. 

Жасұлан Қайдасов, волонтер:

- Волонтерлік турнирден шыққаннан кейін жолда, пешеходтан өтіп бара жатқан кезде жолдың қақ ортасында әйел адам есінен танып қалды. Сол кісіге көмек көрсетіп, барлық керекті істерді жасап, сол кісіге көмектескен болатынбыз. Бір күн өткеннен кейін хабарласып жағдайын білдік. Барлығы жақсы деп айтты. 

- Дальнюю от себя руку прижимаю тыльной стороной ладони  к щеке и придерживаю. Если не придерживать, то рука упадёт, дальнюю от себя ногу заостряю и методом рычага просто переворачиваем пострадавшего. 

Бұл ес-түзсіз жатқан жанның кедергісіз тыныс алуы үшін жасалатын әрекет. Сондай-ақ волонтерлерге жүрек және өкпе реанимациясы, қан тоқтату әдістері үйретіледі. Тренингтер барысында еріктілердің психологиялық дайындығына да ерекше көңіл бөлінеді. 

Ералхан Дияров, алғашқы медициналық көмек көрсету нұсқаушысы:

- Әрқашан олармен осы психологиялық тұрғыдан тренингтер өткіземіз. Истерика, әртүрлі тағы да психологиялық жағдайларға байланысты қандай аурулар бар солармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретеміз. Төтенше жағдай болып қалса олар дайын болулары керек. Егер олар дайын болмай қалса оларға да көмек көрсету керек болады. 

Ақтөбелік волонтерлер лигасында 200-ден астам белсенді ерікті бар. Олардың көмегі қатерлі дерттің белең алып, жүздеген адам аурухана кереуетіне таңылғанда айтарлықтай сеп болды. Жастар күндіз-түні індетпен күрескен дәрігерлерге ас-су тасып, өкпесі қысылғандарға оттегі концентраттарын жеткізіп отырды. 

Авторлар: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы