420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин Ақтаудың курорттық аймағын дамытудың 2-кезеңін іске асыруды бастап берді

  • 130
  • UPD: 20:04, 07.11.2020
А.Мамин Ақтаудың курорттық аймағын дамытудың 2-кезеңін іске асыруды бастап берді Премьер-министр

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау курорттық аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, жаңа қонақ үй-туристік кешендердің құрылысын бастап берді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Ақтау қаласының курорттық аймағын дамытудың 2-кезеңі аясында әуежайдан келетін автомобиль жолын төрт жолаққа дейін кеңейту, газ құбырын, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және электрмен жабдықтау жүйелерін салу көзделген. 

Үкімет басшысы Ақтау қаласының курорттық аймағының инженерлік және көлік инфрақұрылымын жүргізу жобаларының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

А. Мамин отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп Fairmont, Double Tree by Hilton, Movenpick Hotels and Resorts брендтерімен салынатын отельдердің, гольф-клуб пен тақырыптық ойын-сауық паркі құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

Хабар 24 телеарнасы