423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Маңғыстау облысында екі айлық дәрі-дәрмек қоры жасақталған

  • 136
  • UPD: 16:43, 26.11.2020

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар үшін 383 төсек-орны бар 9 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істеп тұр.

Бұған қоса, 2 мың орындық 11 резервтік стационар жасақталған. Медициналық мекемелер тиісті апараттар және 600-ден аса оттегі концентратымен қамтамасыз етілген. 14 стационар орталықтандырылған оттегіне қосылған. Тұрақтандыру қорынан қаражат бөлініп, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталды. Коронавирусқа байланысты қолға алынған шаралармен аймаққа сапары барысында премьер-министр Асқар Мамин танысты. Үкімет басшысы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына барып, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға арналған кеңес өткізді. Басқосуда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында коронавирустың таралу деңгейі жоғары екендігі айтылды. Осыған орай Асқар Мамин сақтық шараларын және екінші кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды.     

Жамал Жаманбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазір жұқпалы аурулар станционары жұмысын бастап кетті. 21 науқас бар. Жағдайы ауыр төрт адам реанимация бөлімінде жатыр. Алдағы уақытта балалар және жүкті әйелдерге арналған бөлімді кеңейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ біз жылжымалы ПТР зертханасын таныстырдық. Бұл шалғайдағы аудандарға арналған. Ол тәулігіне 300 сынаманың нәтижесін шығара алады.

Хабар 24 телеарнасы