423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетау қаласының айналасына санитарлық бекеттер қойылды

  • 126
  • UPD: 20:07, 07.11.2020

Себебі мұнда коронавирусқа шалдыққандар соңғы бір аптада 3 жарым есеге көбейген.

Сондықтан осындай қадамға барып отырмыз дейді аймақтың бас санитар дәрігері.

Санитарлық бекеттер облыс орталығын айнала 6 жерден қойылды. Ал әр қосында медицина қызметкерлері мен полицейлер 3 ауысыммен жұмыс істейді. Олар қалаға кіріп-шыққан әрбір адамның дене қызуын өлшеп, анкеталық мәліметтерін алады. Яғни қауіпті індеттің қайдан келіп жатқанын анықтау үшін шаһарға келіп-кеткен әр жолаушы бақылауға алынады.

Дариға Әзімова, медбике:

- Қазір біз адамдардың температураларын өлшеп жатырмыз. Егер жоғары болса, оларды ауруханаға жібереміз. Қазір бәрі жақсы.

Ал санитарлық бекеттер жайлы әркімнің ойы әр түрлі. Бірі одан пайда жоқ десе, енді бірі аурудың алдын алуға сеп болады дейді.

Әуе және теміржол қатынасын шектеп, Көкшетауға блок-бекеттер қоюды жақында аймаққа жұмыс сапарымен келген вице-премьер Ералы Тоғжанов та айтқан болатын. Облыстың санитарлық дәрігерлері қазір бұл мәселе қарастырылып жатқанын жеткізді. Ал әзірге өңірдегі барлық елді мекендердің тұрғындарына кешкі 21:00-ден таңғы сағат 6-ға дейін көшеге шығуға тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану орындары тек жұмыс күндері кешкі 7-ге дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары да сенбі-жексенбі жабылады. Сондай-аққоғамдық көліктер де демалыс күндері жүрмейді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы