423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда бұзылған жолдар қайта жөнделеді

  • 100
  • UPD: 20:58, 07.11.2020

Жергілікті әкімдік мердігерлерді сот арқылы мәжбүрлеп отыр.

Мамандардың айтуынша, қазір қалаішілік жолдардың 64 проценті қанағаттанарлық жағдайда.

Аманжолов көшесіндегі мына жол осыдан үш жыл бұрын ғана жөнделген. Қазір әр жері ойылып жатыр. Енді оны мердігерлер қайтадан қалпына келтіруі тиіс. Қазір жергілікті әкімдік 9 бірдей компанияны сотқа берді.   

Нұржан Тасмағамбетов, қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жолдың кепілдік мерзімі -3 жыл. Мердігерлер екі жыл бойы ой-шұңқырларды жамап келді. Ал биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Қараша айында кепілдік уақыты аяқталады. Сондықтан біз сотқа беріп, ұзартуды сұрадық. Енді олар келесі жылы бұзылған жерлерді қайтадан жөндейді.

Жалпы биылғы жылы 38 көшедегі 59 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ ірі жобалар ақсап жатыр. Мәселен, Майқұдық ауданындағы жолды тапсыру мерзімі тағы бір айға шегерілді. Айтуларынша, ауа райының қолайсыздығы кедергі болған. Ал қалаішілік жолдардың сапасына жүргізушілердің пікірі екіұшты.

Мамандардың айтуынша, келесі жылы облыс орталығындағы 36 көшенің жолын жөндеу жоспарда. Бірақ ол үшін 4 миллиард теңге қаржы керек.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы