424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде ауыл тұрғындары көпір тұрғызды

  • 76
  • UPD: 09:44, 08.11.2020
Ақтөбеде ауыл тұрғындары көпір тұрғызды

Ақтөбенің іргесіндегі Сазды ауылының тұрғындары көпір тұрғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктемгі су тасқыны кезінде Сазды өзені арнасынан асып, арғы бетпен қатынас қиындап кеткен еді. Төрт-түлік су деңгейі түскенше өріске шыға алмай, қорада қамалып тұрады. Өзенді кесіп өту үшін жасалатын топырақ бөгетті де жыл сайын тасқын шайып кетеді. Оны қайта-қайта қалпына келтіруден шаршаған саздылықтар осыдан үш жыл бұрын көпірдің құрылысына кіріскен. 20-дан астам жергілікті тұрғын қаражат жинап, қолда бар жүк техникасын қолданып, өткел тұрғызды. Бетоннан жасалған нысан енсіз болғанымен, кез келген жеңіл көлікті көтереді. Қазір құрылысшылар сенбілік жасап, жаңа өткелдің айналасын ретке келтіруді қолға алған.

Виктор Гудков, Сазды ауылының тұрғыны:

– Өзеннің арғы бетінде қорым бар. Сондықтан әрдайым қатынас болған дұрыс. Көктемде су көтеріліп, жыл сайын жол азабын тартып қаламыз. Қайықпен жүзіп, таяқ тастам жерге ондаған шақырым айналып барған күндеріміз де болды. Сондықтан малымызды өріске шығарсақ та, бейітке барсақ та, бұл көпір ауыл тұрғындары үшін керек-ақ. Тіпті сол бағыттағы Шибаевка (Нұрбұлақ – ред.) ауылы тұрғындары осы төте жолмен қатынайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы