424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да волонтерлер оқушыларға ағылшын тілін тегін үйретіп жатыр

  • 120
  • UPD: 09:45, 08.11.2020
БҚО-да волонтерлер оқушыларға ағылшын тілін тегін үйретіп жатыр

БҚО-да еріктілер мектеп оқушыларына тегін қосымша сабақ беріп жүр, 

«Birgemiz: Bilim» жобасы аясында ынталы жасөспірімдерге ағылшын тілінен дәріс оқылады. Сонымен қатар волонтерлер жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындалуына көмектеседі. Олар оқыту жүйесін әзірлеуде шетелдік көшбасшы университеттердің тәжірибесіне сүйенген. Қазталов ауданында апалы-сіңлілі Гүлбарам мен Асылзада еріктілер бастамасына үлес қосып жүр. Жас педагогтар аптасына 2-3 рет  жұмыстан тыс уақытында балаларға онлайн платформа арқылы ағылшын тілін үйретеді. Курсқа жазылған оқушылардың көбі аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде тұрады екен.

Асылзада Лұқпанова, волонтер:

– Менің тобымдағы оқушылардың интернеттері нашар. Сондықтан тек WhatsApp желісі арқылы оқимыз. Қазіргі таңда 11 оқушы білім алуда. Олар – 7-сынып пен 11-сынып аралығындағы оқушылар. Деңгейлері бойынша бөлініп алынды. Менің деңгейім – beginner (бастапқы), яғни алғашқы деңгейден бастап сабақ беремін.

Хабар 24 телеарнасы