424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада газ қосатын сервис орталығы ашылады

  • 133
  • UPD: 16:14, 08.11.2020
Елордада газ қосатын сервис орталығы ашылады

9 қарашада елордада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жаңа сервис орталығы ашылады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сервис орталығы газбен жабдықтау үшін техникалық шарттар жасайды, сондай-ақ газ қосуға өтініш қабылдайды. Аталған орталыққа Көктал-1, 2; Железнодорожный, Өндіріс, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары жүгіне алады. Орталық Республика даңғылында, 24-үйде «Парасат» бизнес орталығында орналасқан.

Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желісі салынып жатыр. Газ беру процесі үш кезеңге бөлінген, тұрғын үй алаптары кезең-кезеңімен газға қосылады. Газбен жабдықтау экологияны жақсартады, тұрғындар денсаулығына оң әсер етеді. Жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайы айтарлықтай жеңілдейді.

Айта кетсек, бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы