425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 188 науқастың жағдайы ауыр

  • 120
  • UPD: 20:23, 08.11.2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 188 науқастың жағдайы ауыр

Қазіргі күні Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 6601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар.

Стационарларда 2727 науқас жатыр. 3874 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 188 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 20 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram парақшасы.

Хабар 24 телеарнасы