422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының тау бөктерінде қураған шөп өртенді

  • 99
  • UPD: 22:14, 08.11.2020
Алматының тау бөктерінде қураған шөп өртенді

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкі 17:08 шамасында өрт сөндірушілер Медеу ауданының «Бұлақ» саяжай серіктестігі маңына жеткен.

«Бірінші келіп жеткен құтқарушылар халық қоныстанған жеке үйлерге қауіп жоқ екенін анықтады. Өртті жылдам сөндіруге тау бөктеріндегі жүріп тұруға қолайсыз жер, солтүстік-батыстан соққан күшті жел кедергі жасады. Жел қызыл жалынның одан әрі таралуына себепші болып отыр. Жанып жатқан шөптің биіктігі 1,5 метрге жетеді. Таулы жер болған соң техника өте алмайды, жол жоқ, өртті сөндіру өте қиын, сондықтан өрт сөндірушілер жаяу әрекет етіп жатыр. Оқиға орнында 33 маман жұмыс істеуде» деп мәлімдеді департаменттен.

Кешкі сағат 21:10 кезінде оңтүстік-шығыс тұсында тілсіз жау біршама ауыздықталды.

Хабар 24 телеарнасы