420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысы: Сырдария өзені үстінен автомобиль көпірі салынбақ

  • 190
Қызылорда облысы: Сырдария өзені үстінен автомобиль көпірі салынбақ

8 компоненттен тұратын «САРАТС-2» жобасының 4 компоненті республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылмақ.

Өйткені Дүниежүзілік банктің қаржысын тарту рәсімдері тым созылып кеткен. Осыған орай Арал аймағы үшін экологиялық маңызды құрылыстың бір бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландырылады. Оның аясында Қазалы ауданындағы Бірлік елді мекені тұсында Сырдария өзені үстінен автомобиль көпірі салынбақ. Сондай-ақ апатты жағдайда тұрған Қызылорда су торабы қайта жаңғыртылады. Мұнан бөлек Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданының тұсында Сырдария өзенінің арнасын түзету мәселелері де қамтылған. Ал Дүниежүзілік банк есебінен құны 190 миллион теңге болатын  3 компонентті іске асыру көзделген. Оның ішінде су деңгейін көтеру арқылы теңіз жағалауын Арал қаласына дейін жеткізіп, бұрынғы арнасына қайтару жоспарланған.

Бауыржан Оспанов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалпы бүгінгі күнде Дүниежүзілік банктің жобасынның техника экономикалық негіздемелерін әзірлеуге жұмыстар жасалып жатыр. Бұл бойынша Дүниежүзілік банк тарапынан грант бөлу қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда ҚР Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігі осыған ұқсас жобаларды әзірлеуге мамандандырылған халықаралық компанияларды іріктеу бойынша жұмыстарын атқарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы