423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да коронавирустың таралу екпіні жоғары

  • 100
  • UPD: 11:59, 09.11.2020

Шығыс Қазақстанда жағдай мәз емес. Аймақта вирустың таралу екпіні жоғары.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Облыс ел бойынша көрсеткіштің елу процентін ұстап тұр. Кеше бізде 350-ден астам коронавирус жұқтыру дерегі анықталса, бүгін 254 адам індетке шалдыққан. Облыс орталығынан өзге шалғайдағы аудан қалаларда да да өсім көп. Мәселен, біз осы уақытқа дейін Риддер қаласында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші жоғары екенін айтқанбыз. Кеше ғана аталған шаһардан 73 жағдай анықталды. Осыған орай Риддердің кіреберісіне санитарлық бекет қойылды. Сөйтіп қалаға кірген адамдар бақылауға алынбақ. Тіпті нақты себебі бар белгілі категориядағы адамдар ғана кіруі мүмкін деген ақпар бар. Алтай ауданындағы Серебрянск және Жаңа бұқтырма кентінде де сондай жағдай. Ол кенттердің шетіне де санитарлық бекет қойылып, бақылау күшейтілді. Жалпы санитарлық бекеттер бізде 1 қарашадан бастап қойыла бастаған еді. Бастапқыда 13 бекет болған, енді олардың саны әзірше 16-ға жетті. Мұның барлығы індетті өршітпеудің амалы.

Хабар 24 телеарнасы