425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөзде балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды

  • 144
  • UPD: 13:50, 09.11.2020
Аягөзде балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешіден қауіпті дерт анықталып, мекеме карантинге жабылды.

Қазір онда дезинфекциялық жұмыстар атқарылып, байланыста болғандар да тексеріліп жатыр. Бірінші тоқсанда 39 мектептің ішінен екі мектепте жұқпалы індет тіркелгенмен, олар дер кезінде бақылауға алынған. Қазір екі білім ордасы да карантиннен шығарылыпты. Жалпы ауданда 13 мыңнан астам оқушы, 1600-ден астам мұғалім бар екен. 3 мың оқушы штаттық режимде білім алса, 10 мыңнан астамы онлайн оқыған. Полиция, әкімдік, қоғамдық ұйым өкілдері мен санитарлық тазалық мамандарынан құралған 7 мониторингтік топ күніне 2 мезгіл тексеруге шығады. Бір аптаның ішінде карантиндік ережелерді сақтамаған нысандарға 700 мың теңгеден астам айыппұл салыныпты.

Әсет Манасбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері:

- Біздің ауданымыздағы Ақтоғай өңірінен балабақшада тәрбиешіден вирус анықталып, бұл мекеме санитарлық нормаға сәйкес карантинге жабылды. Осыған дейінгі нөмірі бірінші орта мектептің даярлық тобының оқушысы және де нөмірі 10-қазақ мектеп-гимназиясының кіші қызметкерінен вирус анықталып, 1-мектеп 31 қазанға дейін, 10-мектеп 4 қарашаға дейін карантиннен шығарылды. Санитарлық нормаға сәйкес мектептер санитарлық тексеруден, тазалаудан өтті.

Хабар 24 телеарнасы