431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы әуе күштері Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты

  • 270
Қарағанды облысындағы әуе күштері Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты

Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиация базасы жаңа жойғыш ұшақтарымен толықты.

Ресей Федерациясымен жасалған келісім және Қазақстанның Қарулы Күштерін қайта жарақтау бағдарламасы аясында Әскери әуе күштеріне көп бейінді Су-30СМ ұшақтары берілді. Әуе көліктері Иркутск зауытында жасалған. Бүгінге дейін мұндай типтегі ұшақтармен еліміздің көптеген әуе базалары жарақталды. Қарағанды авиация базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы оқытудан өтті. Енді жаңа үлгідегі ұшақтарды еркін басқарып, онымен еліміздің әуе кеңістігін қорғауға әзір. Бұл әуе көлігінің түрлі шабуылдардан қорғану, жердегі және аспандағы нысаналарды анықтап-жоюға мүмкіндігі мол деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов. Cу-30СМ – барлық ауа райында ұшады және жоғары маневрлі жойғыш ұшақтардың жалғасы. Онда Әскери-әуе күштері қару-жарағының құрамындағы Су-27 және Миг-31 сынды екі түрлі әскери машинаның күші бар.

Нұрлан Орманбетов, ҚР әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:

- Алдағы уақытта аталған типтегі ұшақтардың тағы бірнеше данасын сатып аламыз. Сөйтіп, әуе қорғанысындағы күш-қуатымызды арттыра бермекпіз. Мұндай ұшақтар бізге аса қажет. Қазақстан армиясының мүмкіндігі артып, әскери қызметкерлердің біліктілігі жоғарылып келеді. Кеңес Одағы дәуірінен қалған техника ескірді. Осыған орай, бас қолбасшымыздың тапсырмасымен әскерді қайта жарақтау үрдісі жүріп жатыр. Мәселен, Су-30 ұшағын біз 2015 жылдан бері сатып алып келеміз. Биыл сондай-ақ МИ-35М тікұшақтарын да иемдендік.

Хабар 24 телеарнасы