425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда есірткі зертханасы анықталды

  • 131
Алматыда есірткі зертханасы анықталды

Алматылық пәтердің бірінде синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды.

Қазақстан және Ресей құқық қорғаушыларының бірлескен тергеу амалы кезінде 10 келі мефедрон тәркіленіп, үш азамат қолға түсті. Мәлім болғандай, олар шикізатты шеттен алдырып, есірткі дайындаған. Одан кейін ел ішінде сатпақ болған. Ал зертхананың қуаты бір рет қолданылатын мефедронның 40 мың данасын өндіруге жететін еді. Бұл – 240 млн теңгенің есірткісі.

Биыл полицейлер синтетикалық есірткінің 96 келісін тәркіледі. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. 650 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ есірткі саудасын қыздырған 850 сайт жабылды.

Хабар 24 телеарнасы