425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда маска арзандады

  • 113
  • UPD: 15:36, 09.11.2020
Қазақстанда маска арзандады

Елімізде медициналық масканың бағасы екі есеге арзандады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осындай ақпарат таратты. Сөздеріне сенсек, еліміздегі кейбір дәріханаларда бір реттік бетперделер 26 теңгеден сатылып жатыр. Агенттік пен медициналық бұйым шығаратын компаниялар өзара келісімге келіп, бір масканы 21 теңгеден шығаратын болып келіскен. Ал делдалдар оның құнын 26 теңгеге дейін ғана өсіре алады. Есте болса, осыдан 3 апта бұрын елімізде ПТР-тестілеу құны арзандаған. Қазір сынама бағасы 6 мың мен 9 мың теңге арасында құбылады. Бұрын оның құны екі есе қымбат еді.

Хабар 24 телеарнасы