423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерлер ұшаққа отырар алдында ПТР-тестілеуден өтуге кеңес береді

  • 80
  • UPD: 16:16, 09.11.2020
Дәрігерлер ұшаққа отырар алдында ПТР-тестілеуден өтуге кеңес береді

Коронавирус инфекциясына тестілеу теріс нәтиже берген жолаушылар ғана ұшаққа отыруы керек.

Біріншіден, бұл басқа жолаушылардың жұқтыру қаупін азайтады. Осылайша бүкіл ұшақтың «сау» ұшатынына сенімділік береді. Бұл туралы №3 көпсалалы қалалық аурухана директорының орынбасары Жанар Ксанова айтты.

Сонымен қатар ұшаққа отырар алдында ПТР сынағынан өту азаматтың жеке уақытын үнемдейді. ПТР-анықтамамен келгеннен кейін ол жайбарақат үйіне қайтады.

«Медицина қызметкерлері әуе жолаушыларына көп еңбек пен күш жұмсайтынын ұмытпаған жөн», – деп атап өтті Жанар Ксанова.

Дәрігерлер халықаралық рейстерде анықталған оң нәтижелердің негізгі бөлігі аурудың симптомсыз түрі екенін, бұл өз кезегінде басқаларға инфекция көзі болуы мүмкінін айтады. Адам өзінің инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы екенін білмей, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін тудыруы мүмкін.

6 қазан мен 9 қараша аралығында карантин стационарында зертханалық зерттеулерден кейін коронавирус инфекциясының симптомсыз 8 тасымалдаушысы анықталды. Олардың бірі 9 қарашада Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келді. Қазіргі уақытта үй карантинінде оқшауланған. Барлығы осы уақыт аралығында 164 рейс, 3211 жолаушы қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы