422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда мейрамханалар жасырын той өткізген

  • 95
Көкшетауда мейрамханалар жасырын той өткізген

Көкшетаулықтар карантинге қарамастан той жасауларын тоқтатар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалада әр аптаның демалыс күндері тексеріске шығатын мониторинг тобы кеше де бірнеше мейрамхананың жұмыс істеп тұрғанын әшкереледі. Мәселен, Қызылжар көшесінің бойында орналасқан осындай нысанда 50-ден астам адамға той өткізіп жатқаны белгілі болған. Алайда санитарлық дәрігерлер мен полицейлерге ішке кіріп, заңбұзушылықты тіркеу үшін сыртта 2-3 сағат күтуге тура келген. Себебі мейрамхана әкімшілігі есікті оңайлықпен ашпаған. Енді олар ірі көлемде айыппұл төлейді. Оның көлемі заңнамаға сәйкес 600 мың теңгеден асады. Ал тексерушілер Көктем шағын ауданындағы тойхананың астыңғы қабатында орналасқан көлік жуатын орын арқылы онда кісілердің кіріп-шығып жатқанын көргенімен, іс-шараны тоқтата алмаған.

Қанат Ысқақов, қаланың бас санитар дәрігері:

– Мейрамхананың есіктері мен қақпаларының бәрі құлыптаулы болды. Біз тек сырттай көлік жуатын орын арқылы қонақтардың кешке кіргенін, ал түнде мониторинг тобынан қашқанын тіркедік. Фотосуреттер мен әкімшілік іс сотқа жолданды. Жалпы осы сенбі-жексенбі күндері 50-ден астам нысанға тексеріс жүргізіліп, олардың 5%-інен заңбұзушылық анықталды.

Хабар 24 телеарнасы