422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орнитолог: Құстар химиялық қалдықтан улануы мүмкін

  • 76
  • UPD: 20:02, 09.11.2020
Орнитолог: Құстар химиялық қалдықтан улануы мүмкін

«Атырау облысында құстардың қырылуына бірнеше себеп бар», – дейді орнитологтар.

Бірінші нұсқаға сәйкес қанаттылар химиялық қалдықтардан улануы мүмкін. Екінші нұсқа бойынша құс тұмауының салдары болуы ықтимал.

«Нақты себебін арнайы сараптамалық жұмыстар арқылы ғана анықтауға болады», – дейді мамандар.

Олардың айтуынша, құс өлексесін қолмен ұстауға болмайды. Мұндай жағдайда ветеринария және эпидемиологиялық қызмет өкілдерін шақыру керек.

Хабар 24 телеарнасы