424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда 200 орындық инфекциялық госпиталь ашылды

  • 90
Теміртауда 200 орындық инфекциялық госпиталь ашылды

Онда өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторлары сынды құрылғылармен қамтылған 15 реанимациялық орын бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Госпитальда аурулар мен дәрігерлер жеке-жеке есіктен кіріп-шығатын болады. Мекеме жасыл және қызыл жолақты аймақ болып бөлінген. Бұдан өзге емдеу орны заманауи рентген аппаратымен қамтылған. Атап өткен жөн, бұл аппараттар адам денесіне ультра сәулені аз жібере отырып, жоғары сапалы кеуде суретін алуға мүмкіндік береді. Облысқа осындай 8 сандық рентген жеткізілген. Алда тағы 29-ы келеді. Жалпы алғанда облыста коронавирустан емделіп жатқан 160 адам бар. Үш науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Ринат Гатин, Теміртау қаласы орталық емхана басшысының орынбасары:

– Бұл госпиталь 200 орынға шақталған. Оның 30-ы орталықтандырылған оттегімен қамтылады. Қалғандарына концентраттар арқылы беріледі. Жұмыс істейтін дәрігерлер ауру жұқтырып алмау үшін қорғаныс мәселелері барынша сақталған. Егер коронавирустың екінші толқын басталып, аурулар саны артатын болса, жақын аудандардағы науқастарды қабылдау жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы