425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 9 адам індетке шалдықты

  • 195
Ақтөбе облысында 9 адам індетке шалдықты

Ақтөбе облысында соңғы тәулікте 9 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауру ошағы Қарғалы ауданында тіркеліп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, екі адам ауруханаға дене қызуымен шағымданып түскен. Қалғандары симптомсыз. Жалпы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деуге болады. Қазір аймақта 80 адам емделіп жатыр. 25 адамның өкпесі қабынған.

Рүстем Исаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Реанимацияда бір наукас жатыр. Өкпені жасанды желдету аппараттарында науқастар жоқ. Жалпы пандемия басталғалы бері облыста 3368 жағдай тіркелді.  Оның ішінде симптомдық 1648, симптомсыз 1720 дерек анықталды. Бүгінгі күні 3352 науқас бар. Олардың 96,5% жазылды.

Хабар 24 телеарнасы