422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты

  • 127
ШҚО-да санитарлық бекеттер саны артты

Өйткені аймақта вирустың таралу екпіні жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте 250 адамнан ауру анықталды. Олардың біршамасы –  шалғайдағы аудандар мен шаһар тұрғындары.

Тілші:

– Өлкеде санитарлық бекеттер саны өсіп келеді. 1қарашада 13 бекет болған еді. Олардың жетеуі Өскеменде, ал қалғандары өзге облыстармен және көршілес елдермен шекаралас аймақтарға қойылған. Енді бұл қатарға Риддер қаласы мен Алтай ауданындағы Серебрянск шаһары және жаңа Бұқтырма кенті қосылды. Өйткені аталған елді мекендерде вирус жұқтыру көрсеткіші күн санап жоғарлап келеді. Мәселен, өткен апта аяғында ғана Риддер қаласында 30 адам коронавирус жұқтырған болса, соңғы тәулікте онда 62 жағдай тіркелді. Осыған орай Риддердің кіреберісіне санитарлық бекет қойылу туралы қаулы қабылданды. Мұндай өзгерістер сақтықты одан әрі күшейту керектігін білдіреді. Сондықтан қазір жағдай бұдан да ушыға қалса деген жағымсыз сценарийге дайындық мықты.

Осы фтизиопульмонологиялық  орталықта қазір 50 орын  дайын тұр. Олар әзірге бос. Тек керек болған жағдайда ғана қолданылады. Қазір індет ілгегіне іліккендерді емдеуге қолда бар инфекциялық стационарлар да жеткілікті көрінеді. Жалпы  бұл кеселмен күресуге облыста 3200-ден астам орын дайындалса, соның 674-інде науқастар жатыр. Оның 49-ы ауыр халде, төртеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Алыс аудандағы ауруханалар да облыс мамандарының назарында.

Думан Берікұлы, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

– Біз облыс тарапынан куратор ретінде әр ауданға бекітіліп қойғанбыз. Сол себепті олармен қашықтықтан болса да, 2-3 маман шығып, көмек қолын беріп жатыр.

Тілші:

– Өлкедегі ең жоғарғы көрсеткіш үлесі облыс орталығы мен Семей қаласында. Сондықтан залаласыздандыру жұмыстары  жиілеп жатыр. Мәселен, Өскеменде дезинфекция жүргізуге жазасын өтеушілер де жұмылдырылды. Олар өз еріктерімен індет ошағын залалсыздандырып жүр.

Арман Нұрсалинов, жазасын өтеуші:

– Бір кезде өзім қылмыс жасап. залалымды келтіргенмін. Қол ұшымды беріп, үлесімді қосқым келді. Қазіргі кезде қоғамдық орындарда дезинфекция жүргізіп жатырмыз.

Тілші:

– Пандемия басталғалы шығыста коронавирус  жұқтырғандар саны 12 мыңнан асып жығылды. Тек соңғы екі тәуліктің өзінде жұқпалы дерт 600 адамнан анықталған.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы