422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызметкерлер жаттығу жасауға міндетті ме?

  • 115
  • UPD: 22:50, 09.11.2020

Елде қызметкерлердің жұмыс орнында жаттығу жасау ережелері 10 қарашада күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жаңашылдыққа қаншалықты дайынбыз? Ал жұмыс беруші бұл талапты орындамаса, әкімшілік жауапқа таратыла ма?

10 қарашадан бастап жұмыс орнында жаттығу жасау ережелері өз күшіне енеді. Яғни жұмыс беруші қызметкердің жасына және жынысына байланысты жаттығуларды дайындауы керек. Бұдан бөлек жаттығулар жұмыс күнінің бірінші жартысында 10-15 минут уақытқа дейін созылуы тиіс. 

Әйгерім Садубаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы:

– Бұл – қарапайым жаттығулар. Денсаулықты нығайту және қызметкерлердің жұқпалы ауруға шалдықпауы үшін ұйымдастырылады. Ұйымда физикалық жаттығулардың жүргізілуін тексеру қарастырылмаған. Жұмыс берушінің өзі біледі. Дегенмен жұмыс беруші өз қызметкерінің денсаулығы үшін таңдау жасап, салауатты өмір салтын насихаттауды алға тарту қажет.

«Денсаулық – зор байлық» демекші, бұл да дұрыс шығар. Алайда зауыт немесе кіші кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер қайтпек? Санитарлық талаптарды орындай ала ма? Мәселен, қашықтықты сақтаудың өзі қиын секілді. Бетперде киіп, физикалық жаттығу жасау да қолайсыз секілді.

Алтынай Өмірзақ, дистрибуция менеджері:

– Бетпердемен қолайсыз, әрине. Бірақ қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты  бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Жұмыстан бір сергіп қалуға да жақсы екен. Дегенмен тым тар жұмыс орындарында немесе зауыттарда жаттығу жасау өте қиын деп ойлаймын. Ол жерде жаттығу жасауға жағдай жасалмаған.

Еске салайық, бұл норма Мәжіліс депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті талқылау барысында ұсынылған болатын.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ерзат Заитхан

Хабар 24 телеарнасы