422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде түрлі заң бұзушылық жасағандар қоғамдық жұмысқа тартылды

  • 124
  • UPD: 09:35, 10.11.2020
Ақтөбеде түрлі заң бұзушылық жасағандар қоғамдық жұмысқа тартылды

Ақтөбеде түрлі заң бұзушылық жасаған 300 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

Олар аптасына бірнеше рет қаланы қоқыстан тазарту, ағаш егу, қоршауларды сырлау секілді шаруаларды тындырады. Тәртіп бұзғандардың арасында мас күйінде көлік жүргізген, ұрлық, есірткі үшін ұсталған азаматтар бар.

Айта кетейік, олардың кейбіреуі жұмыс істеуден бас тартқан. 

Азамат Нәукенов, облыс бойынша ҚАЖД бөлімінің бастығы:

- Қылмыстық атқару Кодексінің 60-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес бір ай ішінде дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға екі реттен артық шықпағаны үшін қоғамдық жұмыстарды істемеген төрт сағаты қамауға алынудың бір тәулік есебіне ауыстырылады. Бүгінгі күнге 13 сотталғанға қатысты қоғамдық жұмыстар қамауға алынуға ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы