423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

  • 88
  • UPD: 11:26, 10.11.2020
Жыл басынан бері 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. 

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.    

Аталған кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,4 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 5,4 мыңнан астам фактісі анықталып, 157,7 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы