424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар жаппай алдын ала медициналық тексеруге қатысты пікір білдірді

  • 162
  • UPD: 16:05, 10.11.2020

Бүгінге дейін Алматы қаласы бойынша 100 мыңға жуық тұрғын алдын ала медициналық тексеруден өтті. Бұл 2 қарашада басталған медициналық тексеру шарасының нәтижесі. 6 дәрігерден тұратын мультидисциплинарлы топ 65 жастан асқан қариялар мен 16 жасқа дейінгі балаларды үйіне барып тексеруден өткізеді. Аурудың алдын алған жақсы, алайда жұқпалы дерттің беті қайтпай тұрғанда үй аралау қауіпті емес пе? Бұған тұрғындар не дейді? 

Төтенше жағдай және карантин уақытында алдын ала медициналық тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Әрі жасы ұлғайған азаматтар мен балаларға қазір емханаға келу қауіпті. Терапевт, невропатолог, кардиолог, көз-құлақ дәрігерлері үйіңізге келіп, қандағы қант мөлшерін тексеріп, жүрекке электрокардиограмма жасайды. 

Лаура Дүйсенова, алдын алу тексеріс бөлімінің  меңгерушісі:

- Бізде негізінде қан тамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, глаукома және қатерлі ісіктер алдын алу жүргізіледі ауруларын. Сондықтан жаңағы бірінші артиялық қан қысымын тексереді, қан құрамында холистирин қанның мөлшерін тексереді және глаукома ауруының алдын алу үшін қан-көзішілік қан қысымды тексереді. Егер де сол жағдайда жаңағы алдын ала диагноз қойылып жатса, соған байланысты мамандарға келесі күнге жазылып қояды. Мысалы, қант диабеті қант құрамы ұлғайып жатса, эндокринологқа жазып, эндокринолог келесі күні график бойынша барады. 

Алдын ала тексеруден өту, ауруды ерте анықтап, емдеуге мүмкіндік береді. Алайда тәуекелді де ұмытпаған жөн. Себебі ауру жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Өткен тәулікте елімізде 610 адамның ковид жұқтырғаны белгілі болды. Тұрғындарда «тексерілеміз» деп, ауру жұқтырып алмаймыз ба» деген қауіп те жоқ емес. 

БЛИЦ:

- Егер барлық талаптар сақталған болса әрине қарсы емеспін. Бірақ адам көп болған сайын қауіп те жоғары.

- Жоқ, керек емес. Үйге келіп қарағанын қаламаймын. Зачем қаншама адамды үйге жіберуім керек? 

Бүгін ғана қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров алматылықтардың 44 проценті ауруды жұмыс барысында және көп қабатты үйлердің кіреберісіннен жұқтыратынын мәлімдеді. Жағдай ушығып тұрған уақытта жоспарлы алдын ала медициналық тексеру шараларын жүргізу қаншалықты маңызды?

Лаура Дүйсенова, алдын алу тексеріс бөлімінің  меңгерушісі:

- Иә, алдын ала біз тізім бойынша звондап хабарласады ғой. «Осылай-осылай тапсырыс бойынша, мынадай-мынадай нәрседен өту керексіз сіз міндетті түрде, біз келе аламыз ба»  деп. Олар «жоқ» десе,  онда аймақтық жаңағы медбикені жібереміз, қолжазбаларын алып аламыз. Өйткені біз ертең қорытынды беру керекпіз ғой. Ондай адамдар кездестірген жоқ, отчет, отказной жазылған жоқ әлі.

Алдын ала медициналық тексеру 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Шара аясында 80 мың жасы үлкен және 100 мың баланы қамту жоспарланған.

Авторлар: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы