423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заңсыз айналымнан 10 млн дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алынды

  • 64
  • UPD: 11:56, 10.11.2020
Заңсыз айналымнан 10 млн дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алынды Егемен Қазақстан

Бүгінгі күні дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар жеткілікті, деп хабарлайды Медициналық фармацевтикалық бақылау комитеті.

Өңірлердегі көтерме-дистрибьюторларда, бөлшек саудада неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың барына мониторинг жасау барысында 15 шілдеден 9 қарашаға дейін көтерме сауда қоймалар мен дәріханаларда антибиотиктер 3,9 есе, вирусқа қарсы препараттар 3,2 есе, антикоагулянттар 32 еседен астам, маскалар 2,3 есе және т.б. дәрілік заттар қорының өскені анықталды.

Мониторинг топтармен 1640-тан астам дәріхана қамтылып, шекті бағадан асып сатылған дәрілік заттардың 199 атауы анықталды. Аталған мерзімге дейін 174 млн теңгеге шекті бағаның артуының 876 фактісі, 39,4 млн теңгеге дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 347 фактісі анықталды.

1223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн теңгеге айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 млн дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алынды.

 

Хабар 24 телеарнасы