422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 33 адам карантинге жатқызылды

  • 49
  • UPD: 14:06, 10.11.2020
Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 33 адам карантинге жатқызылды

Өткен түні елімізге Түркия, Египет, Оңтүстік Корея елдерінен 6 халықаралық әуе рейсімен барлығы 919 жолаушы келген.

Олардың 33-і ПТР анықтамасыз болды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 166 жолаушының біреуі тест нәтижесінсіз. Ал Алматы қаласына жеткен 4 рейстен 753 жолаушының 32-сінде анықтама болмаған. Қазір анықтамасы жоқ жолаушылар түгел стационарға жатқызылды.

Айта кетейік, елге шетелден келген азаматтардың қолында міндетті түрде жарамдылық мерзімі үш күннен аспаған ПТР тест нәтижесі болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы