423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықтың он бес процентіне коронавируске қарсы вакцина салынуы мүмкін

  • 88
  • UPD: 14:33, 10.11.2020
Халықтың он бес процентіне коронавируске қарсы вакцина салынуы мүмкін

Қазақстан халқының 15 проценті коронавирусқа қарсы егілуі мүмкін.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі 2 млн 400 мың екпе салдыруды жоспарлаған еді. Дүниежүзілік денсулық сақтау ұйымының кеңесімен КОВИД-ке қарсы вакцина егу еселенуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Нұрлыбек Асылбеков атап өткендей, қазіргі таңда 3 млн астам екпе салдыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Дегенмен, вакцинациялау көлемі жеке сектор және медициналық мекеме тарапынан түскен сұранысқа қарай белгіленеді. Жалпы вакцинациялау мәселесі коронавирусқа қарсы екпенің дайын болу уақыты мен мемлекет қазынасының жағдайына байланысты болмақ.

Хабар 24 телеарнасы