422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда ауруханаларына изотермиялық ПТР зертханалары орналастырылды

  • 137
  • UPD: 14:12, 10.11.2020
Елорда ауруханаларына изотермиялық ПТР зертханалары орналастырылды

Нұр-Сұлтан қаласында көпсалалы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және стационарлардың акушерлік бөлімшелерінде КВИ бойынша науқастарды тестілеу үшін изотермиялық ПТР зертханалары орнатылды.

Олардың көмегімен талдау нәтижелерін 2 сағат ішінде алуға болады. Бір мини-изометриялық кешеннің қуаттылығы – тәулігіне 130 тестілеу. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаланың көпсалалы ауруханаларына кез келген аурумен түскен науқастар коронавирус инфекциясының тасымалдаушысы болуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мұндай кешенді сатып алуы науқастардың оқшаулау бөліміндегі уақытын қысқартуға және уақтылы ем қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Айта кетейік, зертханалық кешендерді қолдана отырып, КВИ-ға сынамалар іріктеу тек қалалық ауруханаларға шұғыл түрде түскен науқастар үшін жүргізіледі. Жоспарлы пациенттер стационарға ПТР анализінің сертификатымен жатқызылады.

Кешендер зертханалық тестілеу жүргізе бастағанына аз уақыт болды. Бүгінде жедел жәрдем бөліміне түскен пациенттерден КВИ-ға 100-ден астам тест алынды.

Елордада КВИ-ге биоматериал жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам тестілеуді құрайды.

Хабар 24 телеарнасы