423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау учаскелерінде пандустар, шақыру кнопкалары мен тактильді плиткалар болады

  • 141
  • UPD: 14:18, 10.11.2020
Сайлау учаскелерінде пандустар, шақыру кнопкалары мен тактильді плиткалар болады Total.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мақсатында аумақтық сайлау комиссиялары үшін бірқатар ұсыным әзірледі.

ҚР Еңбекмині Орталық сайлау комиссиясының нұсқаулығына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынады. Атап айтқанда, пандустар, шақыру кнопкаларын, тактильді плиткалар, көрсеткіштер, мониторы бар компьютерлер, қосымша жарықтандыру, трафареттер және т.б. орнатуды қамтамасыз ету қажет.

Бұдан басқа, онлайн-сурдоаударма немесе ымдау тілі мамандарының кезекшілігі ұсынылады. Сонымен қатар сайлау учаскелері ғимараттың бірінші қабатынан жоғары орналасқан жағдайда мүгедектігі бар адамның арбасына арналған арнайы лифт болуы керек.

Сайлау күні сайлау учаскелеріне тасымалдау үшін инватакси жұмыс істейді деп жоспарлануда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ www.inva.gov.kz «Қолжетімді орта «интерактивті қолжетімділік картасы» порталындағы объектілер өзектендірілетін болады және сайлау учаскелерінде немесе үйде дауыс беру мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Қоғамның саяси өміріне қатысу – әрбір азаматтың Конституцияда бекітілген құқығының ажырамас бөлігі. Еркін, тікелей сайлау демократиялық мемлекеттің негізі болып табылады және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азамат оны жүзеге асыра алуы керек. Сайлау мүгедектігі адамдарға қоғамдық өмірге қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің міндетіміз ОСК және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету. Ол үшін бүкіл ел бойынша кешенді шаралар қабылдануда», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов.

ОСК талдауына сәйкес, 10 мың сайлау учаскелерінің 96%-і бірінші қабаттарда орналастырылады, 84%-інде пандустар бар, 80%-і ҚНжЕ-ге сәйкес келеді, 72%-інде ғимаратқа кірген кезде тұтқалары бар.

Хабар 24 телеарнасы